Қазақстандық Unico Play онлайн-кинотеатры GEMA Asia Awards сыйлығында Netflix пен Warner Brothers сияқты әлем алпауыттарын басып озып, жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Unico Play Қазақстан тарихында алғаш рет GEMA Asia Awards халықаралық марапаттарын елге алып келді. Бұл – entertainment-маркетинг (ойын-сауық контентін маркетинг арқылы ілгерілету) саласындағы әлемдегі ең ықпалды сыйлықтардың бірі.

Жоба екі мүсіншеге ие болды: Best Integrated Marketing Campaign номинациясы бойынша алтын жүлде және «Qara Bekire» сериалының үздік постері үшін күміс жүлде.

Осылайша Unico Play байқауда Netflix пен Warner Brothers секілді жаһандық ойыншыларды басып озды.

Бұл жеңіс бүкіл индустрия үшін маңызды белгіге айналды: қазақстандық жобалар халықаралық аренада тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді. Сарапшылар «Qara Bekire» жобасының идеялық тереңдігін және Каспий теңізі, экология мен адам жауапкершілігі туралы шынайы әрі батыл баяндауын жоғары бағалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!