Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің жарыққа шыққанына және «Абзал және К» компаниясының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шығармашылық байқауда республикалық “Ақмешіт жастары” газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова жеңімпаз атанды.

Әріптесіміз “Диқан және журналист” тақырыбында қалам тербеп, ала жаздай дамыл таппайтын диқанның кетпені мен жазуы жорғадай жүйткитін журналистің қаламында көпшілік көре бермейтін еңбек барын жеткізді. Аз сөзге көп мағына сыйғызған тілші диқан мен қаламгер қызметінің ерекшелігіне тоқталды. Мағыналы мақала, ойлы жазбаларымен көптің көңілінен шыққан тілшімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Жарыста 30-дан астам үміткер бақ сынап, байқау шартына сәйкес әлеуметтік желіде өз материалдарын ұсынды. Жеңімпаздар «Сыр Медиа» ЖШС-ның Алғыс хаты және «Абзал және К» компаниясының бағалы сыйлығына ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!