Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық өнер − ғасырлар шегінде ұлт тарихы мен құндылықтарының көрінісі ретінде қызмет ететін әлемдік мәдениеттің алуандығын бейнелейтін негізгі элемент. Дүниежүзіндегі мәдениет пен дәстүрдің әртүрлілігіне сүйене отырып, ұлттық өнер шығармашылықтың бай әрі көп қырлы екенін білдіреді.
Кескіндемеден бастап, әдебиет пен музыкаға, әлемдік мәдениетке ықпал ететін шығармашылықтың өрнегі. Ұлттық өнердің басты қырларының бірі – мәдени мұраны, салт-дәстүрді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Аталмыш үрдіс ғасырлар бойы ұстаздан шәкіртке жалғасып келе жатқан білім арқылы жүзеге асады. Халықтың болмысын, оның әлемдік мәдениеттегі орнын қалыптастыруда ұлттық өнер де маңызды рөл атқарады. Ұлттық өнер – суретшілер, жазушылар, музыканттар мен басқа да шығармашыл топтар үшін шабыттың қайнар көзі.
Музыка мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті атабаба тарихын баяндайтын өнер. Қазақтың дәстүрлі әндерінде табиғат, махаббат, шайқас, ерлік тақырыптары жиі көрініс табады. Оларға терең жанашырлық, ішкі рухани байлық атмосферасын тудыратын жанды әуен мен күрделі ырғақ үлгілері тән. Музыкалық дәстүрдің негізі ретінде еліміздің мәдени музыкалық өмірінде шешуші рөл атқаратын дәстүрлі аспаптарды атауға болады. Қазақ, ноғай мен қалмақ мәдениетіне сіңген екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап – домбыра. Дәстүрлі аспаптарға домбырадан бөлек қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, асатаяқ пен адырна жатады. Олардың әрқайсысы қазақтың әуеніне өзіндік ерекше дыбыс береді. Шетел мәдениеттанушылары ұлттық музыканың әуезділігін жоғары бағалайды.
Айшықты айтыс
Көнермейтін, құндылығын жоғалтпайтын, сөз өнерінің патшасы – айтыс өнері. Даму тарихы тереңде көмілген тамыр секілді көнеден келе жатқан айтыс синкреттік жанрға жатады. Тарихты зерделесек, қол бастаған батыр да, ел билеген көсем де сөзге шешен, сөз құдіретін түсінген. Айтыстың салмағы мен жүгі ауыр. Себебі өмірдің шындығы айтылады. Халық арасында бетпебет келген екі ақын да жеңіске жетумен қатар маңызды мәселені көтеруге тырысады.
Терме тағылымы
Терме – қара өлең мәйегі, поэзиядағылирикалық өлең. Дана халқымыз даудамайдың түйінін бір ауыз сөзбен жеткізген. Терме өнері нақыл сөздердің үлгісінде құрылады және пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда қоғамдықәлеуметтік сарындар басым, термеде көбіне күнделікті тұрмыстіршілікке қатысты жағдай сөз болады. Терме сөз бен әуен сабақтасып келгендіктен синкретті өнерге жатады. Ырғақтық құрылысы жағынан жетісегіз буынды жыр үлгісінде айтылады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жедел қарқынмен дамыды.
Киіз басу
Киіз басу, одан түрлі бұйымдар жасау – көне заманда қалыптасқан қолөнер түрі. Археологиялық қазба жұмыс тары ның ба рысында ежелгі темір дәуіріне жататын қо рымдардан табылған заттардың ішін де киізден басылған бұйымдар кездеседі. Ежелгі көшпелі тұрмыста киіз туралы Марко Поло, Плано Карпини, Клавихо сынды орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларында айтылған. Киіз басудың хас шеберлері әй елдер болған. Әрбір қазақ әйелі киіз басудың ежелден орныққан технологиясын жетік меңгерген. XIX ғасырдағы қазақ тұрмысын зерттеген М.Красовскийдің жаз баларында «қазақтар қыздарды жас шағынан іс тігу, өрмек тоқу, киіз басу, т.б. үйретеді, өсе келе олардан бәрін талап етеді» делінген.
Қыздарды қол ісіне жас кезінен үйреткендіктен олардың киіз басу шеберлігі аса жоғары болған. Киіз басу ісінде жүн талшықтарының бірбірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр басу процестері де киіз басудың дәстүрлі технологиясымен бірдей.
Киіз басу ісінен ақпарат берсек, киізді басу қажетті жүнді дайындау жұмысынан басталады. Дайындық жасау 3 сатыдан тұрады. Бірінші сатысы – қырқылатын қой қозыларды тоғыту. Бұл – қырқымның алдында міндетті түрде атқарылатын жұмыс. Яғни, күзем жүн алу үшін денесіне жаз бойы шаң-тозаң жинаған қой-қозыларды өзенге апарып, суға тоғытады. Екінші саты – қой жүнін қырқу. Үшінші саты – жүн сабау. Қырқылған, сұрыпталған жүннен бұйым жасау үшін тазалап, қопсытылады, әрі қарай жүн түту тәсілі жалғасады. Бүгінде киіз басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен қопсытылады, майланады, тарақтап түту құрылғысымен түтіледі, бұйым пішіміне сай тартылады. Кейінгі процесс – басу машинасына жіберу.
Нәзіктіктің символы – би
Театр, эстрада, цирк – сахнаның киесі мен көрермен қошеметін ұғындыратын орда. Ұлттық өнердің қай жілігі болсын шапшаңдық пен қимылды талап етеді. Сол іспеттес іс-қимылдың бейнесіне айналған ұлттық би нәзіктікті, жинақылықты айшықтайды. Би – халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, этнографиялық жазбалар сыр шертеді. 1934 жылы қазіргі Опера және балет театры құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару жұмысы қарқынды жүзеге асты. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері мен классикалық бидің стильдік қимыл әдістері қолданылды.
Көне билердің қатарына «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Өрмек биі», «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қоян бүркіт» «Айжан қыз», «Садақ биі»,«Шолпы биі», «Қоян биі», «Аю биі», «Насыбайшы», «Асау ат»,«Бура биі», «Бүркітбиі», «ұр биі», «Құсбегі», «Киіз басу», «Тырна биі» кіреді.
Қазақ биінде әр қимылдың мағынасы бар. «Қошқар мүйіз», «Кереге көз», «Сыйлық», «Үлкен сыйлық» тағы басқа қимылдар қыздардың орындауында кездеседі. Би қымылында қойылым да, өнер де, қимылдың сыры да ұштасады. Қазақ биі үстінде қолды қалай ұстаудың негізгі алты қалыбы бар. Сол секілді аяқ қимылының да алты түрі бар. Сонымен қатар жүріс түрлеріне: кербез жүріс, құбылма жүріс, сақ жүріс, өкше көтеру, өкше кезек, өкшелеу, кезекті адым, кібіртік адым, шапшаң қадам жатады.
Мәдениет қай раткері Т.Бақтыбаев «Қазақ биі – ұлт болашағы» атты еңбегінде: «Би ̶ эстетикалық құрал, ол сөзсіз дене сұлулығына тәрбиелейді. Әрі халық билерінің өздеріне тән ерекшеліктері би қойылымдарында, іс-қимылдарында көрініп тұруы керек. Би өнері қазақ халқы үшін тәрбие құралы, мәдениет жаршысы, тіптен қазақ тарихы десек те болады», – деп жазды.
Әлия ТӘЖІБАЙ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!