Нұрбол Жанұзақов,
№138 Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

– Ұлттық ойынымыздың бір түрі – асықты тек ұлттық мерекелерде ғана емес, жылдың барлық мезгілінде ойнап келеміз. Жылдан-жылға балалардың да қызығушылығы артып келеді. Командалар көбейді. Біздің мектептің 5-6 сынып оқушылары биыл мектеп лигасына қатысып, чемпион атанды. Алматыдағы республикалық додада бақ сынайтын болады. Бұрындары Арал, Қазалы аудандарының командалары алда келетін. Бұл қатарда біз де өзіміздің белсенділігімізді көрсетіп, дамытудамыз. Асық ойыны баланың ой-өрісінің дамуына, ұлттық сананың қалыптасуына, жылдам ойлауға, қиялының ұшқыр болуына зор әсер етеді. Ең бастысы, қазіргідей жаһандану дәуірінде компьютерге тәуелділіктен бойын аулақ салуға ықпалы ерекше.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!