Ата Заң 1995 жылғы 30 тамызда рес¬пуб¬ликалық референдумда қа-былданған Конституция Тәуелсіз еліміздің конституциялық дамуы¬ның жаңа кезеңіне жол ашты. Сонымен бірге, конституциялық құры¬лыстың, қоғамдық-саяси институттардың негізін құрып, азаматтардың конституциялық мәртебесін айқындап берді.
Конституцияға сай, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Демократиялық қоғамға қадам басқан әр мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін орнату, ел азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қоғамды қалыптастыруды басты бағыт етіп ұстанған Қазақстан да Ата Заңымызды қабылдай отырып, әділ қоғам және құқықтық жүйе құру мақсатында бірқатар реформаларды жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Бұл ата заңымыз-Тәуелсіз мем¬лекеттің конституциялық дамуы¬ның жаңа кезеңіне жол ашты. Ол конституциялық құры¬лыстың, қоғамдық-саяси инсти¬тут¬тардың құқықтық негізін құрып, адам мен азаматтың консти¬ту-циялық мәртебесін айқындап берді.
Ағымдағы жылдың 5 маусымдағы референдумда ел азаматтарының қолдаған Қазақстан Конституциясына өзгерістер күшіне енді. 8 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң республикалық газеттерге жарияланды.
Негізгі өзгерістер:
Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар Президенттік формаға көшуде.
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылатын болады.
Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаған елміз.
Сондықтан, барлық заңдардың бастауы- Ата Заңымызды құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз.
Заң үстемдігін орнатамыз десек, ең алдымен Конституцияны және осыған негізлелген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білу Қазақстан халқының міндеті деп есептеймін.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.П.Атамбаева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!