Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайбергеннің туған күні. Әнші 30 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Димаш – 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында туған. Димаштың ата-анасы – танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Ол алғаш рет спектакльде ойнап, көпшілікке таныла бастады.

Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған.

Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанды.

2010 жылы «Байқонырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.

2012 жылы «Жас қанат» Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.

 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

 Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

 Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

2017 жылы Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығын «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетті. Көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!