Фото: https://www.instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar/

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген су жаңа марапатқа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақсы жаңалықты әншінің ата-анасы жеке парақшасында жариялады. 

“Қырғызстанның Чолпон Ата қаласында өткен халықаралақ эстрадалық әншілер фестивалінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Димаш Құдайбергенге екі ел арасындағы достық құрметі үшін Қырғызстанның Халық артисі атағы берілді. Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!”, – деп жазды Қанат Айтбаев. 

Айта кетейік, Димаш IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барған еді. 

Биылғы сапардың ерекшелігі, Димаш өзінің өнер көрсетуі үшін гонорардан толықтай бас тартқан.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші бұл фестивальде ақысыз өнер көрсетеді.

«Димаш бұл фестивальге жүрек қалауымен келіп отыр. Ол өз өнері үшін ешқандай гонорар сұраған жоқ», — деп мәлімдеді.ШОУ-БИЗНЕС

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!