Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрғындарын Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел басшысы мұсылмандар үшін маңызды айдың басталуына байланысты тілек жаудырды.

«Сіздерді барлық мұсылмандар үшін маңызды Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тұрақтылық, жанашырлық, байсалдылық, рухани ілімді сақтау және адамның жан-жақты жетілуі сияқты құндылықтарды дәріптейтін ерекше уақыт. Ата-бабаларымыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп құрметтеп, ораза ұстаушыларға ауызшар өткізіп, бір-біріне деген сыйластықты көрсетті. Ғасырлар бойы Ұлы даланың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен байланысқан Ислам діні елімізде бірлік пен келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды. Бір айда халқымыз мейірімділік танытып, ізгі істерін тындырып, соның жемісін көрсін! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін! Ораза қабыл болсын!», – деді Тоқаев

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!