Қазақты қылады еңселі ел,
Керағар ойларды жеңсе егер.
Рухани жаңғыру жолында
Еліміз бәрін еңсерер.
Ойлары халықпен аралас,
Бағдары, байламы шамалас.
Осынау алдағы жылдарға,
Сенімін артады бар Алаш.
Бұндай да түседі еске кім,
О, қиын шақтарға «қош!» дедім.
Ұлы бір мұратқа жеткізер,
Шынында, мен де осы көштемін.
Ауыр бір жүктен ел арылып,
Мәдениет, дәстүрім танылып.
Қаншама ұлт келеді о, сонда,
Қазақты тануға ағылып.
Ұлттық код – басты мақсатың,
Өркениет, өнерің – бақ-сатың.
Қазағым қарыштап өсе бер,
Шықсыншы әрдайым жақсы атың.
Туған жер
Бала күндердің бейнесін,
Көрсеттің өзің қыраттан.
Алыстап кетсем сені ойлап,
Сағынып жетем жырақтан.
Құшағын ашқан ұлына,
Ауылым – сенсің бақ-мекен.
Әлемнен мынау, апыр-ай,
Кім сені іздеп тапты екен?
Нәр алып әрбір гүліңнен,
Қаламын барсам марқайып.
Кеңдігін көрем қазақтың,
Төріңде жатып шалқайып.
Ақтарсақ тарих дәл мұнда,
Желмая шөкті бек бекем.
Ақсуат, сен ғой жерұйық,
Асан қайғы қайда кетті екен?
Б.Алдабергенова,
№107 орта мектептің 11-сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!