Grammy иегері Иманбек Зейкенов YouTube-каналында жаңа бейнеклип жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкалық әнші Salem Ilese-пен бірге түсірген клип Married to your melody деп аталады.

Иманбек Зейкенов пен Salem Ilese бірігіп жазған Married to your melody композициясы 9 сәуірде ғана көпшілікке таныстырылған болатын. Араға 13 күн салып композицияның бейнеклипі жарияланып отыр.

Еске салсақ, осы айдың басында қазақстандық диджей әлемдік турын бастайтынын хабарлаған еді.

Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!