фото: ашық дереккөздерден

Бас жүлде – «Алтын пальма бұтағын» биыл «Жай кездейсоқтық» фильмі иеленді. Ол ирандық режиссер Жафар Панахидің туындысы. Түрмедегі азаптаулар туралы кино түсірілімдері биліктің рұқсатынсыз жасырын өткен.  Режиссердің жұмысын Иранда талай рет қысқартып, тіпті көрсетпей қойған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестивальдің Гран-приі Данияның «Сезімтал құндылық» фильміне бұйырды. «Ең үздік режиссура» аталымы бойынша бас жүлде Бразилияның «Құпия агент» туындысына берілді.

Халықаралық кинофестиваль жыл сайын Францияның Канн қаласында өтеді. Биыл негізгі байқауға 22 фильм қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!