Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
***
2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан,
Ақорда,
2021 жылғы 22 желтоқсан № 219
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!