Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі.

27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады. Акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі.

Жалпы «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубы Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Метро – қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан видеоны 3 миллионға жуық адам көреді.

sn kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!