Фото: kino.kz
Жақында ғана жарыққа шыққан фильм туралы желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін ғана премьерасы болған фильм көпшілік назарын өзіне аударып үлгерді. Ән тарихымен таныс болған көрерменнің көзқарасы екіге жарылды.
Кейбірі ән авторының жұбайы Ханбибі Есенқарақызын «Дана әйел, күйеуіне қолдау көрсетіп, ғашықтық деген албырт сезімін түсіне білді» десе, кейбірі «сүйген адам қызғанбай ма?» деп ашуланып жатыр.
Көрерменнің бір тобы «Адал жарым деп тапқан адамың жолдан тайса… Бір тентек екі әйелдің ортасында жүреді деген… ойға да, жүрекке де сыймайды, кешіріңіздер» десе, енді бір топ «әйелі ер екен, не деген ақыл» деп қолдау көрсетіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!