фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Қазақконцерт» әртістері Қытайда өнер көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Дэчжоу мен Ланфан қалаларында өнер көрсетті, деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әділхан Макин, «Гүлдер» мен «Астана сазы» ансамбльдері қатысты, – дейді ведомство.
Өнерпаздар дәстүрлі және заманауи ұлт мәдениеті мен руханиятын таныстырып, отандық композиторлар мен халық әндерін шырқап, қазақтың киелі қара домбырасы және қылқобызы арқылы ұлттық өнерімізді Қытай жұртшылығына паш етті.
Аталмыш іс-шара бейбітшілік пен келісімді мақсат тұтқан көрші халықтардың екіжақты қатынасының дамуына, ұлттар достығы және сыйластығының артуына серпін береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!