Тарихтың тереніне бой тартсақ, қазіргі Қазақстан мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден шыққан заңдар үлгісі –билік бірлігі қалыптасқан. Яғни, қазақ ұлтының өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі – билер үкімі құқықтық нормалардың принциптарын атқарып келеді. Атам қазақ айтқан: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген ұлы сөздің мағынасы тым тереңде жатыр. Еліміздегі билер соты Майқы биден бастау алғаны – тарихи шындық.

   Содан бері қалыптасқан билер бірінші әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым -жүйеге қарай дамып, өркен деп отырған. ХVI ғасырдағы Қасымхан шығарған «Қасымханның қасқа жолы деген заң жарлығы, Есімхан жарлық еткен «Есімханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң–жарғылардың,  мемлекеттік құқықтардың  жинақталған озық үлгісіне айналды.

 1922 жылы, яғни осы жылдың  31-желтоқсаны күні Кеңестер Одағы құрылды.Содан 1923 жылдың алғашқы айларында барлық Одақтас  Республикаларда  Жоғарғы Соты құрылып, іске кіріседі 1923 жылы  Қырғыз (қазақ) сотының алғашқы төрағасы болып Нығмет Нұрмақов тағайындалды. Ал, 1924  жылдың 1-ші наурызынан  бастап сот төрағасы болып Тілеужан Мұқашев  тағайындалса,  1925 жылдың  маусым айында  Мырзағұл Атанязов тағайындалады.Бұлардан соңда  ондаған білікті заң қызметкерлері  Жоғарғы Сотқа төрағалық жасаған,  ол тарих еншісінде.

  Бүгінде 85 жылдық  торқалы  тойына табан тигізіп отырған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады.

  Өзінен  төменгі  соттар қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, соттардың кассациялық шағымды қайта қарау  барысында күшінде қалдырылған шешімдерді  немесе кассациялық  шағым заңда  көрсетілген  мерзімде сотқа берілмесе, оны наразылық  келтіріп, қайта қарау құқын иеленеді.

    Республика Жоғарғы Соты құрамы  5 жылға сайланып, оның құрамына төраға, оның  орынбасары, мүшелері және халық засседательдері енгізілген. Жоғарғы сот құрамында қылмыстық істер  жөніндегі  сот алқасы  мен азаматтық  істер жөніндегі  сот алқасы іс жүргізеді.

   Өздеріңізге  мәлім, жоғарыда айтқандай, 1923 жылы елімізде Жоғарғы Соттың шаңырақ көтеруіне  байланысты Қызылорда облыстық сотыда құрылып, ағымдағы жылы Жоғарғы Соттың 85 жылдық торқалы тойын тойлағалы отыр. Осыған байланысты Қызылорда қаласының №2 сотының қысқаша тарихын баян етелік.

  Қызылорда облыстық атқару комитетінің 1966 жылғы 22-қарашадағы шешіміне орай Сырдария ауданы құрылып, аудан орталығы Тасбөгет кенті болып белгіленді. 1997 жылы Сырдария ауданы тарқап, Тасбөгет кенті Қызылорда қаласына қарасты болды. Бұрын осы аудандық сотының төрағасы болған А.Әнуарбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Тасбөгет аймақтық сотының аға судьясы  қызметіне тағайындалды.

  2001 жылдың 24 қыркүйегіндегі Қызылорда облыстық сотының №101 санды өкімімен Қызылорда қалалық сотының құрамығындағы  Тасбөгет сот учаскесінің негізінде Қызылорда қаласының №2 соты болып қайта құрылды. 2001-2002 жылдар аралығында Әнуарбеков Амангелді Қызылорда қаласындағы №2 Тасбөгет сот учаскесінің, Қызылорда қаласының №2 сотының  төрағасы қызметін атқарған. Ал, 2002-2007 жылдар аралығында  Жаубасаров Әмір Рүстембекұлы Қызылорда қаласының 2 сотының төрағасы қызметін атқарған.


  2007-2011 жылдары Әбшекенұлы Самат, 2011-2015 жылдары Сүлеймен Сағатбекұлы, 2015-2016 жылдары Қалымбет Бақытжан, 2017-2019 жылдар аралығында Әбу Айбек Кеңесұлы Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы  қызметтерін  атқарған.

   Сонымен қатар, осы жылдары Адранов Қайрат, Жаппасбаев Серік, Қамысбаева Бағымкүл, Кусекеев Күмісбай Әлқуатұлы, Сайдуллаев Абдуллажан  Сайджаппарович  судьялық  қызмет  атқарған.

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31-мамырдағы №584 жарлығымен Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы қызметіне Жаңабаев Балғабай Ұзайырұлы  тағайындалып, күні бүгінге дейін  абыройлы атқарып келеді.

    Қызылорда қаласының №2 сотында 4 бас маман, 7 сот отырысының хатшысы, 1 аға сот приставы, 1 сот приставы, 2 жетекші маман қызмет атқарады. Сот әкімшісінің басшысы Мадина Каштайқызы Жүсіпбекова.

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 85 жылдық тарихындағы еліміздегі құқықтық  қатынастарға  сай сот әділдігін  жүзеге асыруда, оның құрылымдық жүйесін әр жылдардағы заман саясатына сәйкес жетілдіріп,  қоғам мен халық мүддесіне орайсот әділдігін жүргізуде Қызылорда қаласының №2 соты осындай  биік белестерден көрініп келеді.

                                   Қызылорда қаласының №2 сотының

                                   баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!