Бүгін «Тағзым» алаңы аумағында Чернобыль апатының аяқталғанына 36 жыл толуына орай апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу шарасы өтті.

Шарада қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергенов және қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

Шара барысында Чернобыль апатынан зардап шеккен аймақтарды залалсыздандыру жұмысына қатысып, ауыр қасірет зардабын тартқан азаматтардың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!