Тобыл қаласында өткен «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты ІІ республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауының жеңімпазы анықталды.

Ұлттық өнерді насихаттап, жанына жалау еткен 18 өнерпаздың ішінен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Дәстүрлі өнер институтының 4 курс студенті Малика Алдамжароваға байқаудың Бас жүлдесіне ие болды.

Талантымен топ жарған Малика Маратқызы 2001 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Өнер жолын 4 сыныпта домбыра үйірмесіне қатысып, 13 жасында жыр айтудан бастаған.

Қармақшыдағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің шәкірті. Мектеп бітірген соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығына оқуға түскен. Университетте Маликаға Дәстүрлі музыка өнері және хореография кафедрасының аға оқытушысы, белгілі жырау Руслан Ахметов жетекшілік жасайды. Осыған дейін облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!