ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында «Рухани қазына» республикалық фестивалін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды.

Биылғы «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы — балықшылар музейі бөлімі «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» номинациясына ие болды.

Қазақстан бойынша қатысқан 73 музейдің арасынан балықшылар музейі экспозицияның қайталанбас шешімімен, инновациялық технологиялардың соңғы үлгісімен ерекшеленіп, алға шықты.

«Рухани қазына»: Аралдағы балықшылар музейі үздіктер қатарында

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!