Халқымыз ежелден салт-дәстүрін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында жасалу керек ырым-жоралғыларын өз ретімен орындап отырған. Айтқандай, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алған.

Әр халықтың өзінің кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады.Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймай келе жатқан салт-дәстүр көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі боямасыз бүгінгі ұрпағына жетіп, қолданыста.
Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті –саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.
Ұлттық болмысты сақтап қалу, құндылықтарды қастерлеу, ата дәсрүрді дәріптеу, насихаттау – басты парыз. Ұлттық рухты бойға сіңіріп, жалпы адамзаттық оң үрдістерді үйрене отырып тәрбиеленген адамның, әлемдік өркениеттің көшінен қалмай, оның озығынан үлгі алатын халықтың келешегі жарқын.


Ғазиза ЕРЛАНОВА,
№5 мектеп-лицей оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!