«Славян хиті» байқауында жерлесіміз беларусь халқының «Рэчанька» әнін шырқады. «Витебскідегі Славян базары» музыкалық байқауында Құралай Мейрамбек үшінші орын иеленді.
Екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, І орын беларусь Самир Елчиевке берілді. ІІ орынды ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. ІІІ орынды қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.
«Құрметті қазақ елім! Байқауда қолдап, жанкүйер болған баршаңызға мың алғыс! Алла қаласа әлі талай көк туымды әлемде көкте желбірететін боламын!», – деп жазды Құралай өзінің Instagram парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!