Қызылорда облыстық сотының 85-жылдық мерейтойы қарсанында, Қармақшы аудандық сотының ұжымы аудандық сот ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, құрмет көрсетті.

Сот төрағасы Қ.Мыханов шара барысында сот ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, сот төрелігін нығайтуға және сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Өз кезегінде сот ардагерлері ұжымға көрсеткен құрметтері үшін алғыстарын білдіріп, сот төрелігін жүзеге асырудағы еңбектеріне толағай табыс тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!