Сурет: №2 қалалық соты
Қызылорда қаласының №2 соты әкімшісінің басшысы М.Жүсіпбекова мен сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы баяндама тыңдалды.
Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы.
Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын жарқыратуымыз керек.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-ана тілі деді-, баяндамашы Д.Ахметов
Мемлекеттік тіл- әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Шара соңында М.Жүсіпбекова құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бағытында жұмыстар соттар тарапынан жүргізіліп жатқанын, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытуға, құрметтеуге баса көңіл бөлу керектігін айтты.
Қызылорда қаласының №2 соты
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!