Иә, бүгінде тұғырлы Тәуелсіздігімізге 30 жыл болды. Егемендігімізді алып, ел болып өсіп-өніп келеміз. Ата-бабаның асқақ арманы, қаншама еңбек пен тер, азат ел болғанымызға да 30 жыл болды. Аллам өзі ұзағынан сүйіндіргей. Шүкір демей не дейсіз?! Сонау ежелден ата-бабамыз жайдан жай қан төгіп, соғыс ашып М.Шоқайдың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулаттың өз өмірлерін құрбан етуі, Бауыржан мен Әлияның Отан қорғауы, Қайрат пен Ләззаттың жас кезінде, жалындаған жастық шақтарын қиюы. Осы кісілердің бір ғана мақсаты, арманы егемендік емес пе еді?! Қиындық пен қасіретін қатар алып келген, бұл Тәуелсіздік мәңгілік жүрегімізде сақталады.
Иә, еске түсірсек естеліктер сырын шертеді. Рас!
Қазақ Тәуелсіздікті үнсіз іздегені рас. Азаттық алдық деп бөркін аспанға лақтырып жатқанда, Қазақстан кімге бағынарын білмей, жалтақтағаны да рас. Жаратқан шебер десей-ші!?
Сол замандағы 6 миллион қазақты азаттыққа шақырған көзі ашық, көкірегі ояу жандарға да қаншама қысым жасалды. Қарапайым халыққа пайдасын тигізуге ешқандай мүмкіндік бермеді. Тек ел үшін ешқандай үміт үзбей сол кездегі үкіметке бір саты жақындай түсті. Ел үшін орасан еңбек сіңіріп, елдің болашағы үшін батылдықтың үлгісін көрсете білді.Азаттық жолында халық мүддесі үшін күш-жігерін аямайтын азаматтар суырылып алға шықты.А.Байтұрсынұлы ,М.Дулатовтың Алаш идеясын, бірлігін бекемдей түскен.
Міржақып ағамыздың өлең жолдарынан, қазақтардың жүрегіне сенім мен қайсарлық ұялатқанынан білуге болады. Мың алғыс Алаш зиялылары! Алла қолдаған екен, қазақ жаңашыры етіп жаратқан әрдайым есіміздесіздер.
Бұйырған кетпейді дегендей, бұл күннің ауылы да алыс болмаған екен.Желтоқсан.Желі ызғарлы желтоқсан. Жас құлындай Қайрат ағамыздың жүрегінде Тәуелсіздік оты жалындады.Талай жастар қыршынынан қиылды, атты, соқты, қан төгілді.Сол кезде көтеріліске шыққан жандардың шыбын құрлы көрмей қинады. Жалындап тұрған жас жандар азаттық жолында құрбан болды. Елді біреудің қолына бермейміз деп шыр-пыр еткен аға-әпкелеріміз ай! Ит пен құсқа жем қылған, борбайдан сүйреп, құздан лақтырған, қара темірдің артына қамаған, ананы баладан айырған, сасыған қоқысқа апарып төккенде де қазақ, қазақ болып қала берді. Қандай жантүршігерлік оқиға. Қуаныш пен қайғы. Қуанышы дұрыс, қайғысынан қаймалап, қалай шыдаймыз, небәрі дәл қазіргі менің жасымдағы 16-17 жастағы, қазақ қыздарының әдемі бұрымы орыс солдаттарының қолында оратылып кеткені жүрекке батады. Иә, бұл да өтті.1991 жыл, өйтіп-бөйтіп келгенде Тәуелсіз ел болдық. Егемен ел алдық. Азат болдық. Ата-бабаның асқақ арманы орындалып, көк байрағымыз көгімізде қалықтады. Қыран бүркітіміз биіктеп ұшып, өз салт-дәстүрімізді құрметтеп, тіршіліктің тереңіне тұңғиықтап, қазақ екенімізді сезіндік. Бәрі артта қалды.Аллаға мың да бір шүкір,ең үлкен сыйға біз ие болдық. Бақытты ел болып,еркіндіктің тәтті дәмін сезініп келе жатырмыз. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз, қиындық та қуаныш та қатар келеді, бірақ біз бірге бәрін жеңіп келеміз.
Елбасы, Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жас кезінен бастап, елі мен жұртына адал қызмет етіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Қазақ халқының жеткен жетістігі осы. Талай тыл майданда тер төккен әрбір қазақтың еңбегі ақталды. Халқымыздың талантты ұл –қызың дүниежүзі тани бастады. Кемшілігі мен жетістігі қатар жүретін қарапайым Қазақстан ол біз болдық.Алтын ғасырдың табалдырығын аттап ата-бабамыздан қалған аманатына ие болып, біз болашақ жастар иеміз.Үлкен сеніммен елге деген сүйіспеншілік біздің қанымызда бар, күш-жігер бойымызға сіңірілген. Еңсесі биік, тұғырлы тәуелсіз мемлекет болғанымыз үшін бәріне шексіз алғыс. Тәуелсіздік тәңірден келге үлкен сый және оның себепші адамдары да сый деген тоқтамға келдім. Мен елімді сүйемін. Зайырлы тәуелсіз елдің азаматшасы ретінде елімді мәңгі сүйіп, ел алдымда пайдамды тигізіп, адал қызмет еткім келеді. Еліміз өркендей берсін, жас қазақ. Тәуелсіздігіміз мұхиттай терең болсын , қазақ елі!
Жақсылық Әлибек Аскербекұлы
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!