2000-жылдардың басында кең танылған америкалық Backstreet Boys тобы қыркүйекте Қазақстанда концерт бермек. Топ Алматыны ресми түрде өзінің гастрольдік кестесіне қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атақты америкалық Backstreet Boys бойз-бендінің концерттік кестесіне Алматы қаласы енгізілді. Ресми сайтта жарияланған мәлімет бойынша, концерт 19 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Концерт мегаполистің Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған. Дегенмен билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ, алайда топтың Алматыға дейінгі және одан кейінгі өтетін концерттеріне билет сатылып жатыр.
Backstreet Boys – Эй Джей Маклин, Хауи Дороу, Ник Картер, Кевин Скотт Ричардсон және Брайан Литтрелл есімді музыканттардар құралған америкалық бойз-бэнд. Топ 1993 жылы Орландо қаласында құрылған. 1994 жылдың ақпанында топ Jive Records-пен келісімшартқа отырды. Маусым айында олардың «We’ve Got It Going On» деп аталатын бірінші синглы жарыққа шықты.
2000-жылдары атағы дүркіреп шыққан топ 30 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!