Театр – мәдениеттің ошағы, өнердің ұйытқысы.Ел мәдениетін театр арқылы да өркендете аламыз. «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов.Кез келген елді ерекшелейтін,салт-дәстүрі, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы еке­ні белгілі. Театр әлемі адам баласының жан дүниесін байытып, ізгілікке, махаббатқа, сы­пайылыққа, ақ пен қараны ажырата білуімен қоса адамгершілікке тәрбиелейді. Бұл ретте маған осы ойды сіңірген қазақ тілі әде­биетінің мұғалімі Айгерім Пралиеваға алғысым алғаусыз.

Театр – ұлттың ұйытқысы. Менің ерекшелігім: осы әлемді жақсы көруімде. Мысалға алатын болсақ, адамдардың көбі кітап немесе музыка, театр әлеміне бойлағанда жан тыныштығын табады. Бірақ театр табалдырығын жастардың жиі аттамауы алаңдатады. Сол себепті замандастарыма театр өнерін түсіндіріп, еліміздің салт-дәстүрі мен салт-санасын терең ұғындыратын мәдени ошағымызды барынша қорғап қалуымыз тиіс. Сахна демалатын, ойын-сауық үшін келетін орын емес.Ол – рухани тәрбие алатын ошақ.
Қорытындылай келе, театрдың ерекше екенін, оның кино желісінен де қиын екеніндігін түсінуіміз керегін айтқым келеді. Қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров «Театр – көрінгеннің ермегі емес,еңбек.Еңбектің көркемі. Театр – көңіл көтерудің ғана орны емес,мәдени ошақ деген орамды ойын қосамын. Ендеше жанымыз рухани таза болсын,ұлтымыздың жаңа болмысы қалыптассын десек, өнерді бағалап,театрға бару керек. Ал сіз театрға соңғы рет қашан бардыңыз?

Арайлым ЖАЛҒАС,
І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейінің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!