Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.

«Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!» – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.



Қазақстанда Амал мерекесі 14 наурызда тойланады және қазақтың жаңа жылы болып саналады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!