«Ауданның атын аймақтарда, тіпті республикада танытып жүрген арқалы ақындарымыздың басын ауылда қосудың өзі – үлкен бір жетістік. Шын жүйріктер сыналатын доданың төріндегі әрбір қатысушының ақындық шеңберінде зор жетістіктері бар. Қазақтың лирик ақыны Мағжанның көркем жырларын өскелең ұрпақ санасында жаңғыртып, шығармашылығын насихаттау бағытындағы жұмыстар әлі де өз жалғасын табады» дейді Қоғалыкөл ауылдық мәдениет үйінің директоры Д.Ибадуллаева.
Шара барысында ауылдың көркемөнерпаздары ақын өлеңдерін оқып, Мағжан шығармашылығының шыңын танытты. Ал ақындар өз кезегінде бірінші кезең бойынша, ақынға арнауын оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы өлеңдерімен ортаға шықты. Рухани шараға облыс деңгейінде танымал Мұхамеджан Мансұров, Елдос Жаппасбаев, Бақтөре Айтбаев, Құндыз Бажиева, Әсел Зұлпар, Тұмарлан Өмірбек, Баубек Әуесхан, Айнұр Нұрланқызы, Гүлзат Қалыбек, Нұрсұлтан Сүйіндіков және Ержан Мұхиятдинов қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қоғалыкөлдік Ержан Мұхиятдинов қанжығасына байласа, Тереңөзек кентінен Мұхамеджан Мансұров І орынның биігін бағындырды. Ал Сәкен Сейфуллин ауылынан келген Бақтөре Айтбаев ІІ орынды еншілеп, ақжармалық Өмірбек Темірлан үздік үштікті түйіндеді. Мүшәйраға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Мағжан Жұмабаевқа арнау

Білмейді ерлігіңнің бағасын
кім?
Ұлтыма менде сендей
жанашырмын.
130-жасқа толып жатыр бүгін,
Мағжандай марғасқасы
Алашымның!

Жырымның сенсің баба
себепкері,
Басыңа нелер келіп, не
кетпеді.
Қолыңды жазықсыздан
кісендеді,
Жолыңды жөнсіз жабу керек
деді!

Қып-қысқа ғұмырыңда сүріп
өткен,
Жолыңда қалды мұра жүріп
өткен.
Сұрқия саясаты ай
Сталиннің,
Қынадай қазағымды қырып
өткен!

Ұлт үшін қызмет қылған
қайраткер ең,
Аспады заманыңнан айла
әттеген.
Қазағың егемендік алды
қазір,
Мәңгілік түсірмейтін байрақ
төмен!

Жігерді асқақ, рухымды өр
еткелі,
Тәуелсіз ел болғалы көп
өтпеді.
Жалынды жырларында
Жұмабаев,
Мен жастарға сенемін демеп
пе еді?
Сол жастар сен секілді
құрбан болды,
Көресін талай көрді.
Тарих әлі кешіре қойған жоқ
ау,
Желтоқсанда жазықсыз ұрған
қолды!

Біз жүрміз ойлап нені, тойлап
нені,
Ақиқатқа адамзат бойлап
па еді?
Сол кездегі солақай саясат
та,
Қазақтың қаймақтарын
жоймап па еді?

Сіз сенген жастар қазір
жоқтың қасы,
Ұлт үшін ауырмайды көптің
басы.
Қыздарыңда қылық
жоқ, ұлдарың да,
Сырға тағып сұйылды оттың
басы!

Азат боп айналсақ та еңселі
елге,
Баяғы сол саясат
кей жерлерде.
Сенген жастар қай бетін
көрсетеді,
Мағжан ақын тіріліп келсе
егерде!

Ержан Мұхиятдинов,
Бас жүлде жеңімпазы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!