Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында хабарлады. «MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.
Сұқбат барысында қазақстандық әнші Америкаға кеткісі келетінін айтты. «Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін мең сүйікті орын – отбасым бар жер», – деді Димаш. Сонымен қатар әнші өзіне Қытайдың ұнағанын да айтып өтті. «Маған Қытайдағы адамдар ұнады, олар бауырмал, жанкүйерлерім өте қамқор. Менің Қытайдағы менеджерлерім – өз ісінің маманы», – деді ол.
turkystan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!