Телевизиялық оператор – телевидениеде ең басты рөлді атқарады. Онсыз жаңалық та,  эфир де жоқ. Дайын бейнематериал болмағандықтан бәрі бекер». Бұл «Хабар 24» телеарнасының телеоператоры Қанат Еңсебаевтың пайымы. Қанатты бүгінде облысымызда халықтың көбі таниды. Оның арнайы дипломы болмағанымен, он жылдан аса тәжірибесі бар. Ол өз ісіне құлай ғашық, бір мүлт кеткен кадр үшін уайымға салынады. Бұл журналистен кейінгі жаңалық жаршысына айналған телеоператор мамандығына тән қасиет.

ҚАНАТ ҚАЛАЙ ТЕЛЕОПЕРАТОР БОЛДЫ?

КАМЕРАСЫЗ ОПЕРАТОР

Қанаттың телеоператорлық қызметі облыстық телеарнада 2009 жылы басталған болатын. Операторлык жұмысқа баулыған ұстаздарым Нұрлыбек Шахметов, Алмат Меңдібаев, Талғат Алменов. – дейді Қанат. Менің ең алғашқы түсірілімім ҰБТ қортыдынсына қатысты болатын. Ең алғашқы түсірілім ерекше есте қалады ғой. Сасқалақтап сәл қиналғаным есімде. Уақыт өте келе монтаждың да тілін үйреніп алдым. Өзім түсірген сюжеттерді өзім әрлеп монтаждаймын.  Өзімнің жұмысыма дән ризамын  мамандығын өзге салаға ауыстыру деген ойымда да жоқ. Мен бұл салада біраз ғазиз жандармен таныстым. Республикалық арнада жұмыс істесемде. Қара шаңырақ яки   облыстық»QYZYLORDA» телеарнасының орны мен үшін бөлек.

КАМЕРАМДЫ ҰМЫТЫП КЕТТІМ

КАМЕРАСЫЗ ОПЕРАТОР

Телеоператор жұмысының қызығы да, шыжығы да көп. Камераның тілін енді үйреніп келе жатқан кезім. Ол кезде облыстық «QYZYLORDA» телеарнасында жұмыс істеймін. Мерекенің кезі болу керек, әйтеуір түсірілім өте көп болды. Сондай бір түсірілімнен келген бетім осы еді, шұғыл бір тағы түсірілім шығып қалып қайтадан түсірілімге асығыс шығып кеттім. Түсірілім болатын жерге жеткен соң барлық керекті заттарымды машинадан алып жатсам ең керек құралым яки камерамды тастап кеттіппін. Сол кезде не күлерімді, не жыларымды білмей абдырап қалған едім. Қазір сол кездерді еске түсіріп бір күліп аламын. Сол кезде бас оператор болған ұстазым Нұрлыбек Шахметов «Камерасыз оператор» деген лақап ат беріп еді.

ТЕЛЕОПЕРАТОР БОЛУ ҮШІН…

КАМЕРАСЫЗ ОПЕРАТОР

Жақсы телеоператор болу үшін телеарналардан жаңалық көріп, көбірек оқып ізденген жөн. Одан бөлек, халықтың көргісі келген маңызды кадрларды қалт жібермеуге тырысу қажет. Телеэкран бетінде болған жайттың суреті кеңірек баяндалу үшін керемет бейнематериалдарды ала келу керек. Себебі, біздің жұмысымызда кадрлар бәрін шешеді. Бүгінгі түсірілген бейнематериал ертеңгі тарихтың куәсі. Халық сол жерде болған оқиғаны үйден шықпай-ақ біздің көзімізбен көріп, жағдайға қанық болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!