фото: ratel.kz

Шанхайда 26-шы халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) «Алтын кубогымен» марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде «Үздік фильм» номинациясын қазақстандық «Талақ» фильмі жеңіп алса, осы кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.

2024 жылғы кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына екі қазақстандық фильм кірді: толықметражды көркем фильмдер бөліміне режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі таңдалды. Фильмнің Шанхай кинофестивалінде әлемдік премьерасы болды.

«Жаңа Азия таланттары» бағдарламасында Қазақстан, Ресей және Италия бірлесіп түсірген Малика Махамеджанның «Бір күннен де көп» атты тағы бір фильмі көрсетілді. Ол сонымен қатар әлемдік премьераға айналды.

Байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім түсті. Іріктеу процесінің қорытындысы бойынша 29 ел мен аймақтан 50 фильм бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін алу үшін таңдалды, оның 38-і әлемдік премьера болды.

«Толық метражды көркем фильмдер» аталымы бойынша бас жүлдеге 14 фильм, оның ішінде қазақстандық «Талақ» фильмі де бақ сынады.

Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!