Сурет: pixabay

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды», – деп жазды Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен. Енді бекітілген Ұлттық басылым күні де – журналистер қауымы үшін тағы бір атаулы дата. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!