Отандық әнші Абай Бегей ұлды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/fari___za____zhan
Өнер иесінің жетінші сәбиі дүниеге келді. Абай Бегей сүйінші жаңалықпен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Әнші ұлына “Ибраһим” деген есім берді.
“Жеңіс күні құтты болсын! Құттықтауларыңызға көп көп рахмет! Сідерге де жұғысты болсын! Қазағымның әр бір шағырағында сәбидің үні естілсін. Алhамдулилляh! Аллаға сансыз шүкір.Тағы да әке атандым. Ибраһим Абайұлы. 09.05.2023”, – деп жазды әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап жатыр
“Абай мырза сіз үшін қуаныштымыз. Кішкентайдың бауы берік болсын”, “Ғұмырлы болсын! Бақытты балалық шағы болсын”, “Аты ерекше екен”, “Салиқалы, игі ұрпақтан болсын”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.
Еске сала кетейік, Абай Бегейдің алғашқы некесінен үш қыз және бір ұлы бар. Әншінің бірінші жұбайы 2015 жылы дүниеден өтті. Ол 2018 жылдың шілде айында Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді. Әнші екінші некесінен екі сәби сүйген еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!