Қазнетте полиция қызметкерінің адасып қалған кішкентай қызға көмек көрсеткен видеосы тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазба 370 мыңнан астам қаралым жинаған. Түркістанда патрульдеу бойынша өз қызметін атқарып жүрген полицей Нұрсұлтан Әбдіқадыр бағдаршам тұсында кішкентай қыздың жалғыз өзі тұрғанын байқаған. Одан ата-анасын сұрағанымен, былдырлап, тілі анық шықпаған қыздан нақты жауап ала алмайды.
Оның адасып қалғанын түсінген полицей бірден басқа қызметтестеріне хабарлап, ата-анасын іздей бастайды. Осы аралықта қыздың көңіл күйі түскенін байқаған Нұрсұлтан оған балмұздақ алып беріп, тез арада ата-анасын тауып беруге уәде береді. Сәлден кейін кейін қыздың анасын тауып, отбасына табыстайды.
«Тәртіп сақшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын сақтау парызы екенін атап өтті», – деді ІІМ баспасөз қызметінен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!