Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жастар ресурстық орталығында  көшбасшы жастармен бейресми кездесу өткізді. Жастармен кездесуде екі мәселе айтылды. Біріншісі, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сонымен қатар жастардың ғылыми техникалық әлеуетін арттыру, екіншісі, жастар кәсіпкерлігін дамыту және жастардың стартап жобалары ортаға салынды.

Аймақ басшысы жастар мәселесін тыңдады

Рас, бүгінде сапалы білім алу үшін сту­дент­терге жағдай жасалуы тиіс. Әсі­ре­се қыркүйекте білім алушыларға жатақ­хана жетіспейтіні жасырын емес. Биыл  облыс­тық Zhas Otan жастар қанаты жатақ­хана мә­се­лесіне қатысты сараптама жүргі­зді. Нәтижесінде Қазанғап атындағы жоға­ры музыкалық колледжінде біршама қиын­дық­тар белгілі болды.  600 студентті бір мезетте сыйдыратын оқу орнында 100 білім алушы ғана жатақханада жатып оқуға мүмкіндігі бар екен. Алайда оқу орны мен жатын орын бір ғимаратта орналасқандықтан кедергілері же­терлік. Түйіткілді мәселеге қатысты облыс әкімі Гүлшара Наушақызы жаңа ғимаратқа көшуге жағдай қарастыру қажет екенін айтты. Алай­да білім басқармасының дерегіне сәйкес, оқу орнын жаңарту мақсатында  499 млн теңгені құрайтын сметалық құжат әзірленген.

Аймақ басшысы жастар мәселесін тыңдады

Басқосуда жастар өңірде өскелең ұрпақ­тың жан-жақты дамуына жағдай жасалып жатқаны көңіл қуантатынын жеткізді. Халық­аралық жарыстардың 39-ында жүлде алған мұз ханшайымы Элизабет Тұрсынбаева өзі жеткен жетістіктерін өңіріміздегі жастарға көр­сетілген қолдаумен байланыстырды.

Аймақ басшысы жастар мәселесін тыңдады

– Қазіргі таңда өңіріміздің жастары түрлі саладағы байқаулар мен сайыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Бұл ретте, жас­тарға жасалып жатқан қолдаудың маңызы ора­сан зор. Бір апта бұрын спорттық манса­бымды аяқтауға бел будым. Себебі де бар.  Бүгінде жаттықтырушылыққа ден қоюуды құп көрдім. 2011 жылдан бері жинақтаған тәжірибем қысқы спорт түрінің одан ары жан­дануына мүмкіндік беретінін айтқым келеді. Яғни, бе­рілген мүмкіндіктерді пайдаланып, облы­сы­мыздың тек алдыңғы қатардан көрінуіне үлес қосатыныма сенім білдіргім келеді, – деді Элизабет Тұрсынбаева.

Қоғамдағы белсенді жастың бірі Сағатбек Сиюов мүмкіндігі шектеулі жастардың өзекті мәселесін ортаға салып, облыс әкімін шаһарды бірге аралауға шақырды.

Аймақ басшысы жастар мәселесін тыңдады

– Президент Жолдауында айтылған  кедер­гісіз келешек біздің қоғамда жоқтың қасы. Кей ғимаратқа кірсек, стандартқа сәйкес пандустар орнатылмаған. Мысалы, Нартай Бекежанов драма театрынан рухани кештерді тамашалағымыз келеді. Алайда театрдағы пандус «трамплинге» айналған. Бір сағат уақытыңызды бөлсеңіз, қаладағы қажетті орындарды бірге аралауға шақырамын, – деді Сағатбек Қуанышбайұлы.

Сағатбектің ұсынысын аймақ басшысы қабыл алып, барлық басқарма басшыларымен апта басында бірге аралайтынын айтты.

Аймақ басшысы жастар мәселесін тыңдады

Өңірде кемшін қалған саланың бірі – кино индустриясы. Бұл олқылықтың орнын Жасұлан Алдабергенов толтыруға атсалысып жүр. 2019 жылы Aslan кино студиясын құрған Жасұлан жаңа жобаға ақпараттық қолдаудың жоқтығын жеткізді.

 – Көршілес оңтүстікте кино индустриясы 20 жыл бұрын іргетасы қаланып, бүгінде даму динамикасы жоғары. Бұл бағытта біздің өңір ең соңғы қатарда деп санасақ болады. 2019 жылы несие алып, жаңа жобаны қолға алдым. Демеушілер де көмегін аянып қалған жоқ. «Белес», «Бақталас» секілді фильмдер мен сериалдарды түсіріп, Youtube желісіне жүктелді. Ең аз қаралым 100 мыңды құрайды.  Көрермендер арасында сұраныс бар. Түсірілген дүниелер жергілікті Qyzylorda телеарнасы арқылы көрсетілсе, біз үшін үлкен мотивация болар еді, – дейді Жасұлан Алдабергенов.

Aslan кино студиясының еңбегін жоға­ры бағалаған облыс әкімі фильмдерді жер­гі­лікті телеарнадан көрсетуге мүмкіндік жа­сауға уәде берді. Сондай-ақ Aslan кино студия­сының жетекшісіне қоғам жастарын белсенділікке ша­қы­ратын роликтер әзірлеу­ге тапсырма берді.

Екі сағатқа жуықтаған кездесуде келелі мәсе­лелер айтылып, жастар саясатын дамыту­ мақсатында оң пікірлер мен ұсыныстар ортаға салын­ды.

Шара соңында Гүлшара Әбдіқалықова жас­тар саясатының дамуына үлес қосып жүрген  көшбасшы жастарды марапаттады.

Ерасыл Шәрібек

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!