Өткен жылы еліміздегі еріктілер өздерін нағыз батырлар ретінде көрсетті. Олардың ерлігі көпке үлгі болып, қиын кезде демеу бола білді. Тек жастар ғана емес, егде жастағылар да волонтер қатарына қосылды. Бүгінде елімізде «күміс волонтерлік» қозғалысы қарқын алуда. Негізгі мақсат – 50 жастан асқан адамдарды волонтерлік қызметке тарту. – Қазіргі кезде 17 қалада «күміс волонтерлік» қозғалысы қарқын алуда. Бүгінде біздің облыстағы осы санаттағы волонтерлерге кәсіби мамандар дәріс оқып, халықаралық тренерлер тәжірибелерімен бөлісуде. Алдағы уақытта тақырыптық семинарлар мен кездесулер, жиындар өткізу жоспарлануда, – деді «Волонтеры Кызылорда» қайырымдылық қорының төрайымы Ольга Чебакова.Егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуге ұмтылады. Олар барлық жобаларға белсенді қатысып, бір деңгейде қалмауға тырысады, үнемі қозғалыста болады. Мұндай шаралар оларға өздерін физикалық және психологиялық жағынан жақсы ұстауға көмектеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!