Белгілі продюсер Баян Алагөзова екінші рет әже атанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/aissaulebakytbek/bayanmaxatkyzy

Айсәуле Бақытбек екі қыздың анасы атанды.

“Қайырлы күн! Бүгін 2023 жылдың 20 шілдесінде біздің отбасымыз тағы бір жанмен толықты. Қызым екінші рет ана атанды. Ол әдемі, дені сау, бақытты қызды дүниеге әкелді. Қазір перзентханадағы қызыма сорпа мен котлет алып бара жатырмын. Қызымды құшақтап, немеремді қолыма алуға асықпын. Құттықтауларыңызды қабылдаймын», – дейді Баян Алагөзова.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек былтыр қаңтар айының 17 күні тұңғышы Сафияны дүниеге әкелген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!