Тоқты
Апта басында қиын мәселелермен беттесуіңіз мүмкін. Оны тек қана қолдаушыларыңыз бен беделді таныстарыңыз ғана шешеді.
Торпақ
Апта жағынан жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Алайда аяқсыз қалған жұмыстарыңызды ойлап бас қатуы мүмкін.
Егіз
Орын алған жайттардың бәрі жақсы болып көрінгенмен біршама қиындықтар туады. Ісіңіз ойдағыдай болмауы мүмкін. Сондықтан ойланып әрекет жасаған абзал.
Шаян
Жалғыз жүрген жандар серігін іздеуде асқан белсенділік танытады. Бұл аптада адамдармен оңай тіл табысып, жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады.
Арыстан
Өміріңізде үлкен өзгеріс болғалы тұр. Тек жақсы жағынан. Қашанда байыппен қарап, ақырын күтіңіз.
Бикеш
Жұмыста, жеке өміріңізде көптеген қиындық туындайды. Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, сабырлық таныту қажет.
Таразы
Денсаулығыңызға қараңыз, өзіңізді күтіңіз. Аптада жоспарларыңыз сәтті жүзеге асады.
Сарышаян
Абайлаңыз, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білген дұрыс.
Мерген
Апта қарбаласқа толы болмақ. Тіптен оқиғаның бірінен кейін бірі орын алып жатқанына таң қалуыңыз да мүмкін. Оны жіберген қателіктеріңіздің жазасы деп есептеп, дұрыс шешім қабылдаған жөн.
Тауешкі
«Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт” демекші, кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алға жылжуы мүмкін.
Суқұйғыш
Алғырлығыңызды мейлінше көрсете білсеңіз, жақсы жетістіктерге қол жеткізуіңіз мүмкін. Жаңа аптада адамдармен танысу сіз үшін пайдалы болмақ.
Балық
Жақындармен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қиындыққа еш мойымай, алға қадам басыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!