Аймағымыздағы жастар саясатын дамыту және жас мемлекеттік қызметкерлер арасында «Ай – Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық «AQYL BATTLE» интеллектуалдық ойын өткізілді.
Интеллектуалды ойынға 35 жасқа дейінгі барлық деңгейдегі жас мемлекеттік қызметшілерден құралған 5 адамнан 12 команда қатысты.
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында интеллектуалды ойлауды дамыту;
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында креативті ойлауға дағдыландыру;
Жастар арасында достық қарым-қатынас орнату;
Жас мемлекеттік қызметшілер бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Жас мемлекеттік қызметшілерінің оң имиджін қалыптастыру.
Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. «Білім әлеміне саяхат» І кезең, «Ми қақтығысы» ІІ кезең, «Мен білгір» ІІІ кезең, «Қызылорда тарихы» ІV кезең, «4 сурет 1 сөз» V кезең.
Белсене қатысып үздік шыққан I орын «SMART» тобы Қызылорда облыстық сатып алу басқармасы, II орын «Қорқыт Елі» тобы Қармақшы ауданы, III орын «Лидер» тобы Қызылорда аумақтық инспекциясы ие болса және үздік үш топ «Жалын», «Сыр шаһары», «Lawyers» топтары ынталандыру бойынша ұйымдастырушылар тарапынан алғыс, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аталған бағыттағы шаралар жоба аясында жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта облыстық жас мемлекеттік қызметкерлер слетін өткізу жоспарлануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!