Мүгедектігі бар балалар – бұл ерекше назар аударуды, қамқорлық пен сүйіспеншілікті қажет ететін ерекше балалар. Мүгедектігі бар бала, оның ауруының немесе жарақатының сипаты мен мерзіміне қарамастан, отбасының бүкіл өмірін өзгертеді. Баланың даму ақауларын мойындау әрдайым ата-аналарға ауыр стресстік жағдай туғызады. Баланың ата-анасы өз өмірінде осындай жағдайға тап болған кезде көптеген қиындықтарға тап болады. Сондықтан ата-аналардың бұл санаты психологиялық қолдау мен көмекке мұқтаж. Топтық психологиялық тренинг – бұл қажетті психологиялық қолдау көрсетудің және ата-аналардың осы санатына көмектесудің жақсы тәсілі.

Тренинг Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың қыркүйек айынан бері  ай сайын тұрақты түрде жалғасып келеді. Ай сайын 30-дан аса ата-ана қатысып, жыл сонына дейін 120 аса ата-ана қамтылды. Бүгінгі шара да Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Шаршауды басыңыз» атты мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға эмоционалдық стрестің алдын алу мақсатында өтті.

Тренингті жоғары дәрежелі психолог маман, балалармен және ата-аналармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар Назира Аймаханова жүргізді.

Бүгінгі тренингке 30 аса мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналар қатысты.

Ата-аналар бұл тренингтен: өз жағдайына сырттан қарауға, өз баласын, жақындарын басқа көздермен көру, өз өмірлерін өздерімен және басқалармен үйлесімді өмір сүруге кедергі келтіретін қалыптасқан стереотиптерді бұзу және тағы басқа өздеріне қажет мәліметтер алып, өз алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл күймен қайтты. Бүгінгі тренингке қатысқан ерекеше баланы тәрбиелеп отырған аналардың бірі Сулейменова М.: «Бүгінгі мүгедектер одағының төрағасы Сағатбек мырзаға үлкен алғысымызды  білдіремін. Ата-анларға бір-бірімен жүздесуге, психолог маманмен кездесуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін, әсерлі тренинг үшін рахмет!

Алдағы уақытта осындай форматта тренинг көптеп өткіземіз деген ойдамын.

Сіздерге жұмыстарыңызда табыс, күш-қуат тілеймін!»-деп өз ризашылығын білдірсе, тағы бір ерекше баланың анасы Бекенова К.: «Тренинг өте сәтті өтті. Назира ханымгың өзінің білікті маман екенін дәлелдей алды. Аналар өзіне керегін ала алды. Көкейінде жүрген сұрақтарға жауап таба алды. Бәрі өте қызықты болды. Өзім көңіл күйім көтеріліп, өзімнің қандай жағдайда жүргенімді аңғаруға көмектесті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Болашақта тағыда осындай жанға жылу беретін жиындар болатынына үміт етемін»- деп өз алғысын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!