Сондай-ақ, оларға берілетін кредит мөлшері де айқындалды.

Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін баратын түрлі сала өкілдеріне берілетін жәрдемақы мен несие мөлшерін белгіледі. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған.

Оған сәйкес, көтерме жәрдемақы 100 АЕК мөлшеріне (345 мың теңге) тең.

Ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (5 175 мың теңге) бюджеттік кредит беріледі.

Мұндай мемлекеттік қолауға келесі сала қызметкерлері ие болады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • агроөнеркәсіптік кешен мамандары;
  • ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Бұйрық жобасы 22 мамырға дейін жария талқыға ұсынылған.

Informburo.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!