Әлемдік ғаламторды ойлап тапқандардың бірі – Бернерс-Ли өнертабысын жаңартады. Британдық ғалым – интернет-навигация жүйесінің авторы ретінде World Wide Web атты жобасымен танымал. Енді ол киберкеңістікті қайта құруды жоспарлауда.
Бернерс-Ли Inrupt стартапының негізін қалады, соның көмегімен интернет жұмысына кедергі келтіретін мәселелерді шешкісі келеді. Соның бірі – ашықтық. Бернерс-Лидің айтуынша, бұған Facebook секілді алып платформалардың саясаты кедергі. Идеяның негізінде Solid бірыңғай кодымен қорғалған бағдарламалық жүйе бар. Жаңа стартап барлық сервиске бір аккаунт бастамасын ұсынады. Яғни әр платформаға әртүрлі жолдармен кіру деген болмайды. Жеке мәліметтер қолданушының басқаруындағы онлайн модульде сақталады. Өнертапқыштың сөзіне сенсек, жаңартылған интернет адамдар арасында ақпарат алмасу тәсілін жеңілдетеді және бірлескен жұмысты күшейтеді. Ал аккаунтты бақылау тек қолданушының еркінде болуы, ресурс иелерінің оған деген қолжетімділігін азайтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!