Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге өкпе артқан сәтін көрмейсіз. Одан бөлек бос уақытын тиімді өткізуге ынтық. Мұны облыстық жастар ресурстық орталығында өткен көрмеден аңғаруға болады. Олардың қолынан шыққан дүниеге назар салып қарасыңыз, көздің жауын алады. “Мұндай дүниені сау адамның өзі жасай алмасы анық қой” дейсіз де, еріксіз таң қаласыз. Рас, бүгінде дені сау болса да, мамық орынға жайғасуды көздеп жүргендер, жұмыс істемей ата-анаға масыл болғандар жетерлік.

Бізді жігерлендіретін – сенім

Ал бұл жандардың өмірдің қиындығына мойынсұнып, тырысып, еңбектеніп жасаған дүниелері көрген адамды қуантатыны анық. Сосын “біз шүкіршілікті” ұмытып барамыз ба дейсіз. Әйтпесе ана бұйымның бірде-бірін істеу “қолымнан келмес еді” демеймін, шыдамым жетпес еді. Басын бастап, әрі қарай қолды бір сілтейтін де шығармын. Ал бұл жандар өмірдің ауыртпалығымен, басына түскен қайғысымен әлі де күресіп келеді. Ойға келген сан түрлі  , уақытты өзіне ұнайтын нәрсеге жұмсау. Істеген істен нәтиже шығарып, сол істен рахаттану.

Бізді жігерлендіретін – сенім

Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Hand Made Qyzylorda» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесіне жас кәсіпкерлері, белсенділер қатысты.

– Басты мақсат – өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, қолдан жасалған туындыларын насихаттау, көрмеге келген жандарға қажеттіліктерін алуға мүмкіндік беру. Қаланың мүмкіндігі шектеулі жандары өз бұйымдарын әкелді. Талсуаттағы қызмет алушылар да өз өнерлерін көрмеге қойды. 100-ге жуық адам көрмені тамашалап қоймай, өзіне керкті дүниелерді сатып алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар осындай дүниелерді жасай алады, олардың қолынан келеді дегенді көрсеткіміз, халыққа білдіргіміз келді. Бұл шара “Қайырымды істер марафоны аясында өткізілді, – дейді Волонтерлар фронт офисінің жетекшісі Болатбек Айтманбетов.

Бізді жігерлендіретін – сенім

“Бұл өнімді жасауға біршама уақыт кетті. Оңай болған жоқ әрине. Бірақ өзім қызығушылықпен жасаған соң сәтті шыққан дүниелерімнің бірі деп айта аламын. мұндай бұйымдарды қолдан істеу қиын. Бірақ бұл іс шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйретеді. Күш береді, “менің де қолымнан бір іс келеді екен” деген сенім сыйлап қана қоймай, адамға жігер береді. Біз осылай өз-өзімізге сенуді, өз-өзімізді құрметтеуді үйренеміз, – дейді Зәуре есімді көрмеге қатысушы.

Кімге болса да сенім маңызды. Адам өз-өзіне сену арқылы біраз белесті бағындырары рас. Бұл кісілерді де Алла сенімнен ажыратпасын дейміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!