Фото: kyym.ru
ТОҚТЫ
Тоқты белгісінде туған жандарды осы аптада аздаған қиындық тосқалы тұр. Әсіресе, қызмет барысында. Бірнеше нұсқа таласқа түсіп, таңдау жасау қажеттілігі туады. Шығармашылығыңызды ашуға тырысыңыз.
ТОРПАҚ
Торпақтар үшін жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерді шешуге ең оңтайлы уақыт – осы апта. Құжаттарға қол қою, келіссөз орнату қажет болса, батыл түрде қолға алуыңызға болады. Біршама ақша үнемдеу мүмкіндігі де жоғары.
ЕГІЗДЕР
Дәл қазір сіз көптен бері армандаған арманыңызды орындай аласыз. Апта бойында барынша белсендісіз, бұл жақсы. Іссапарға шығу ұсынысы түссе, қуана келісіңіз. Жағдай мен орын ауыстыру сізге пайдалы болмақ.
ШАЯН
Осы аптада сіз жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік аласыз. Дос- туыстарыңыздан кеңес пен көмек сұраудан қысылмаңыз. Демалыс күндері үй шаруасымен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізсеңіз, айналамен бірге ойыңыз да тазарып қалады.
АРЫСТАН
Келер жетінің барлық күнін іс-әрекетпен, белсенді қимылмен өткізесіз. Сондықтан іш пыстырмайтын апта болғалы тұр. Жыл сайынғы еңбек демалысында болсаңыз, табиғат аясына серуендеуді жиілетіңіз. Немесе ауылға, саяжайға барып тұрыңыз.
БИКЕШ
Кез келген қадамыңызды алдын ала есептеп, жағдайды жіті бақылай аласыз. Сабырлылық танытып, әліптің артын бағуға кеңес береміз. Жағдайды өз қолыма аламын деп тырыссаңыз, «артық» орнына «тыртық» етіп алуыңыз мүмкін.
ТАРАЗЫ
Таразылардың ұрыс-жанжалды ұнатпайтыны, даулы ортада өзін жайсыз сезінетіні белгілі. Өкінішке қарай, алдағы апта сізді дәл осы жағынан сынағалы тұр.
САРЫШАЯН
Осы аптада сарышаяндардың денсаулығы сыр беруі мүмкін. Дер кезінде құлақ асып, дәрігерге жүгініңіз. Тынығыңыз, мүмкіндік болса, бірнеше күнді үйде, тыныштық пен жайлылықта өткізіңіз.
МЕРГЕН
Мергендер айтқанға көнгіш, бұйрыққа бойұсынғыш келеді. Жұмысыңызда көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Жақындарыңызбен қарым- қатынаста адалдық ерекше маңызды екенін ескеріңіз.
ТАУЕШКІ
Өмірді өзгертуге аса қолайлы күндер келе жатыр. Осы аптада күмән келтіріп жүрген әрекеттеріңізді доғарыңыз. Ойда жүргендерді жүзеге асыруға үлгеріңіз. Бәрі сәтімен аяқталады.
СУҚҰЙҒЫШ
Жақындарыңызға хабарласып, өзіңізді естеріне салудан қысылмаңыз. Күнделікті күйбең, бірсарынды сұрқай өмір келесі аптамен жалғасын табады. Тек бойыңызды сілкіп, ойыңызды сергітіп, жаңа бастамаға ықылас танытсаңыз болғаны.
БАЛЫҚТАР
Бойыңыздағы жаман әдеттерден арылудың уақыты келді. Жақын арада сүйікті адамыңызбен ренжісіп қалған болсаңыз, татуласуға тырысыңыз. Араңызды жақсартуға жұлдыздар көмектеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!