Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы Астана қаласында өткен Digital Bridge 2023 форумына қатысты. 

Digital Bridge 2023 халықаралық форумына 30 елден келген делегация, 300-ден астам компания өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор, жалпы есеппен 30 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Басты мақсаты − Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар  арасында диалог алаңын құру, цифрлық даму саласы бойынша  тәжірибе алмасу. Биылғыфорум «Artificial and Human Intelligence: The right balance» тақырыбынаарналды.

Ауқымды шарада мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс, one-to-one кездесу, халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам панельдік сессия, Astana Hub Battle, стартаптар туралы «Meet  the Drapers» америкалық реалити-шоудың түсірілімі,  бос жұмыстар жәрмеңкесі өтті.

Сонымен бірге, эко жүйенің дамуында маңызды рөл атқаратын өңірлік 14 IT-хаб таныстырылды. IT-көрмеде кәсіпкерлік орталықтың басшысы Жанарыс Алтынбекұлы «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының жұмысын таныстырып, Сыр өңіріндегі цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары және аймақтағы жаңалықтармен бөлісті.

«Kyzylorda Hub мақсаты−өңірде IT мамандар даярлау және стартап, инновациялық жобалардың дамуына үлес қосу. Осы орайда түрлі білім беру бағдарламаларын жүзегеа сырудамыз. Өңірлік орталықтарға тоқталатын болсақ, Astana Hub халықаралық технопаркінің бастауымен елімізде 14 IT-хаб ашылды. Әр өңірдің жастары өз қаласындағы орталыққа барып курстар, семинарлар мен бағдарламаларға қатыса алады. Бұл− жастарға берілген үлкен мүмкіндік», – деді ЖанарысАлтынбекұлы. 

Айта кетейік, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы Қорқыт ата атындағы Қызылордауниверситетінің кәсіпкерлік орталығы және Қызылорда облысы ақпараттық технологиялар орталығының базасында стартаптар мен новаторларды қолдау мақсатында ашылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!