Бұған дейін өнер иесі болашақта үйленіп жатса, жұбайын көпшілікке көрсетпейтінін айтқан болатын.
Танымал әнші Димаш Құдайберген көкейде жүрген арманымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Менің болашақ жарым міндетті түрде ата-әжем мен ата-анамның қасында жүреді. Үйде үлкендер бар. Қазыналы үй деп айтып жатады ғой. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Бөлек тұру деген… қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Сол себепті бауырларыммен, ата-анаммен бірге үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек деп армандаймын, – дейді Димаш Құдайберген.
Бұған дейін өнер иесі болашақта үйленіп жатса, жұбайын көпшілікке көрсетпейтінін айтқан болатын. Оның ойынша, жеке өмір құпия болып қалу керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!