Тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниял Отан алдындағы борышын өтемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Динара Сәтжан ұлының құрметіне дастархан жайып, жақындарының басын қосты.

“Балам! Жаным! Біз сенімен мақтанамыз және сенің әскерге бару туралы шешіміңді қолдаймыз. Мұның оңай болмайтынын түсінеміз, қиынға соғары сөзсіз. Бірақ бұл сенің Отан алдындағы борышың. Бұл өмір мектебі. Әскерден кейін сені қазіргіден де мықты әрі батылырақ боласың. Сен оныз ды күштісің және мұны кезекті мәрте дәледедің”, – деп жазды Динара Сәтжан.

Динараның анасы жиен немересіне ақ жол тілеп шығарып салды. Даниял да әскерге аттанар алдында апасына ормал сыйлап, анасы екеуіне қымбат телефонды тарту етті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!