Украина республикасының Харьков қаласында өткен XXV «Спивограй» халықаралық онлайн конкурс фестивалінде қызылордалық Дінмұхаммед Төлеубай «вокалдық ән» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

Жас әнші Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Қаракөз Ақдәулетованың шәкірті, бүгінде Халық шығармашылығын дамыту орталығындағы «Балалар студиясының» өнерпазы. Айта кету керек, ол жыл басында Беларусьте өткен «Арт-парад» конкурсының Гран-при иегері атанған болатын.

Сондай-ақ халықаралық фестивальде «Балалар студиясының» жетекшісі, Дінмұхаммедтің тәлімгері Жадыра Белгібаева осы конкурстың алғыс хатымен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!