«Qosyl қалалық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен, орталықтың инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша онлайн кеңес беру шарасы өткізілді. Кеңес беру шарасы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына арналды.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы он жыл бұрын, яғни 2009 жылдан бастап қолға алынған болатын. Бағдарламаның басты мақсаты ауылдық елді мекендердегі білікті маман тапшылығының орнын толтырып, ауылдық елді мекендерге мамандар ағынын арттыру. Осы бағдарлама бойынша қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Жадыра Есмағанбетова кеңес беріп, бағдарламаға еңгізілген өзгерістер жайында айта кетті. Оқырмандар тарапынан алдын-ала және тікелей эфир кезінде келіп түскен сұрақтарға жауап беріліп, бағдарлама бойынша көптеген мағұлматтар айтылды.
Бекен Ғалымжанұлы
«Qosyl» қалалық жастар
ресурстық орталығының маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!