Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық жастар ресурстық орталығы арасында Сыр өңірі жастарының өзара ынтымақтастығы бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі екіжақты меморандуға қол қойылды.
Ұлтаралық байланыс, ұлтжандылық, ұлттық патриотизм қоғамдық тұрақтылық бағытында жастардың маңызы және олардың атқаратын рөлі зор. Сөз басын осылай бастаған «Сыр жастарының» басшысы Асқар Құрмаш «Тұрақты, тату, бір-бірімен бауырмал, қалыптасқан қоғамға ұмтылуымыз керек» деп жастарға жалын беріп, және осы мақсатта нақты жұмыстар атқарылып жатқанын да сөз етті.
Мазмұнды шараға застар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этномәдени бірлестіктің мүшелері, жастар орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу соңында Фархат Әбдібағдатұлы екіжақты байланысты нығайтып, айқын бейнелер мен идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін назарға салды. Ал Асқар Құрмаш «Алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретініне сенімім мол» деп сөз соңын түйіндеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!